Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы өз жемісін беруде

Шымкент қаласында іске асырылып жатқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты, яғни жұмыспен қамту шараларына қатысушыларының бірі – Нұрай Зиябек.


Қала тұрғыны былтыр Халықтар достығы университетін «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Биыл ақпан айынан бастап «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына қоғамдық жұмысқа жолданды.

– Жоғары оқу орнын бітірген соң, бірден жұмыс табыла қоймады. Бірақ жас маман ретінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бар екенін біліп, алдымен жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, сол бағдарлама арқылы «Қазақтелеком» АҚ филиалына жолдама алдым. Бұл менің алғашқы жұмыс тәжірибем еді. Бағдарламға қатысқан соң, осы жылы қоғамдық жұмыспен дәл сол мекемеде жұмысымды жалғастырып, тәжірибе жинақтап келемін», – дейді 22 жасар бағдарлама қатысушысы.

Ақылы қоғамдық жұмыстар азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Аталған жұмыс алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және қатысу мерзімі 12 айдан аспайды (жыл соңына дейін). Жалақысы – 25 айлық есептік көрсеткіш (72 мың теңге көлемінде).

Айта кетейік, жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа 2 474 адамның 2778-і жолданып, жоспар артығымен орындалған.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 267275 711795Ought to tow line this caravan together with van trailer home your entire family quick get exposed to the issues along with reversing create tight placement. awnings 852393

  2. 811332 560967Hello, Neat post. There is an issue along along with your site in internet explorer, may well test thisK IE nonetheless is the marketplace chief and a big section of men and women will pass over your excellent writing due to this difficulty. 967666

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.