Шымкент: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті.


Дүниежүзілік акцияның мақсаты — экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сондақ-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағы тұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді.

Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен жаңа көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта отырғызылған болатын. Ал тұқымбақта 62 ағаш түрлерінен 8469 түп көшет өсірілуде.

Одан өзге сенбілік кезінде құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдар қала көшелерінде, жергілікті аудан әкімдері коммерциялық нысан қызметкерлерінің, кәсіпорын ұжымдарының, ауыл билері мен кондоминиум нысандарының төрағаларын тарта отырып тұрғын үй аулаларының тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Еріктілер жылына орай акцияның өтуіне 100 -ге жуық қалалық жастар орталығының мамандары мен жастар ұйымдарының белсенділері ат салысты. Олар Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қызметкерлерімен бірге Бадам өзені аумақтарын тазалап, қоқыстарды түріне қарай бөлек жинады.

Іс-шараға жалпы 30 000-нан астам адам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын және артатын техникалар жұмылдырылды. Қалалық қоқыс полигонына 220 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Айта кету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. You’re actually a just right webmaster. This web site loading speed is incredible.
    It seems that you’re doing any distinctive trick. In addition, the contents
    are masterpiece. you have performed a excellent job on this topic!
    Similar here: tani sklep and also here: Najtańszy sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.