Шымкент: Жаңа веложолақтар салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек

Шымкент қаласында бірнеше көшелерде веложолақтар салынып жатыр. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары үшін және спорт сүйер жастар үшін өте қолайлы болмақ. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек.


«Бұл бастама миллионды қаланың ажарын келтіретіні сөзсіз.Республика даңғылы, А.Байтұрсынов, Жангельдина, Асқаров, Т.Рұсқұлов пен Түркістан көшелерінің бойындағы веложолақтар бір-бірімен жалғасып,спорт сүйер қауым үшін үлкен  веложүйе пайда болады»,-дейді автомобиль жолдар бөлімінің басшысы Қайрат Баймендиев.

Велосипедтің денсаулығымызға тигізер пайдасы көп. Қалада көліктер жүретін жол мен жолаушылар тротуары ғана бар. Тротуарлармен жүрейік десек, адамдар көп. Абайсызда қағып кетсек, тағы қиын. Енді барлығы оңалып жатыр дейді, қала тұрғыны. 

Веложолақтардың салынуы халықты спортқа шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортқа баулу, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға үндеу болуда.  Арнайы мамандар велосипелті енді айдап жүрген жастар мен қала тұрығндарына «Велосипедте жүруде 20-25 минуттан бастаңыздар, одан артық айдамаңыздар» деп кеңес береді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.