Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті.
— Былтыр 11-ші сыныпты 8 мың оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады деп күтілуде. Бюджет қаржысы есебінен 7 мың 20 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (8,5 млрд.теңге). Оның ішінде 9 мектеп биыл пайдалануға беріледі. 7 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылысы келесі жылдан басталады. Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру шеңберінде инвесторлар «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпарациясымен бірлесе 10 мектеп салынатын болады. Бүгінгі таңда 5100 орындық 6 мектептің құрылысына келісімшарт түзілді. Инвеститция көлемі шамамен 8,3 млрд.теңге. Жалпы саны 89 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, 2 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр, — деді қала әкімінің орынбасары.
Жоғарғы демографиялық өсіммен ерекшеленетін қаламыздың өзекті мәселесіне айналған мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы алдағы жылдарда шешілетінін жеткізген Бауыржан Жаймұрзынұлы құрылыстағы барлық жұмыстар арнайы штабта қаралып, мониторинг жасалып, тұрақты бақылауда болатынын айтты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
I see You’re in reality a excellent webmaster. The site loading speed is incredible.
It seems that you are doing any unique trick.
Moreover, the contents are masterwork. you have performed a wonderful job
in this matter! Similar here: sklep internetowy and also here: Najtańszy sklep
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?