Шымкент қаласында жер қойнауын пайдаланушылармен қала аумағындағы автомобиль жолдарына ауыр жүк көліктерінің зақым келтірмеу мақсатында карьерде өлшеу құралдарын (таразы) орнату туралы міндеттеме енгізілген болатын.
Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, осы міндеттемені бүгінгі таңда тек қана 10 жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде орындаған. Қалған 19 жер қойнауын пайдаланушыға мәжбүрлі міндеттемені жүктеу мақсатында Шымкент қаласының экономикалық сотына талап арыздар жолданды.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда барлық 19 жер қойнауын пайдаланушыға таразы құралдарын орнату бойынша соттың оң шешімі шыққан. Биыл 9 айдың қорытындысына сәйкес, басқарма тарапынан жолданған ескертпе хаттардың нәтижесі бойынша келісім шарт міндеттемелерін орындамаған 16 жер қойнауын пайдаланушының келісім шарттары екі жақтың келісімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның ішінде, 11-і екі жақтың келісімімен, 5-і жергілікті атқарушы органның хаты бойынша жасалған.
Қала аумағында қазіргі уақытта қалған жер қойнауын пайдаланушылардың саны – 22. Оның ішінде: 10 – құмды-шағал қоспасын, 11 – топырақты және 1-і кварц құмын өндіретіндер.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
You’re truly a excellent webmaster. The web site loading velocity
is incredible. It kind of feels that you’re doing any
unique trick. Moreover, the contents are masterpiece. you’ve performed a magnificent activity on this topic!
Similar here: sklep online and also here: Tani sklep
Outstanding feature
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?