Шымкент: Жылыту маусымына дайындық басталды

Шымкентте алдағы 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті.


«Қуатжылуорталық-3» мекемесінің бригадалары көпқабатты үйлердің ауласындағы орамішілік жылу жүйелерін жаңалауда. Орталық Шымкенттегі 72 мың тұтынушы, 223 заңды тұлға, 137 бюджеттік мекемелерді, облысқа жататын 67 мекеме мен республика меншігіндегі  41 мекемені орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтып келеді. Сапалы жылу алу үшін тұрғындар да үйдегі, пәтерлеріндегі ескірген жылу жұйелерін алмастыруы қажет,- дейді жылуберушілер.

 «Өткен жылу беру маусымы күрделіксіз өтті. Арыздар да едәуір төмен болды. Бұл дегеніміз сапалы жылу берудегі жұмыс жүйеленді. Жөндеу жұмыстарына, тозығы жеткен құрылғы, құбырларды жаңалауға республикалық, қалалық бюджеттен қаржы бөлінуде. Өз тарапымыздан тарифтен бөлінетін қаржыға, биыл ол сома 103 — 108 млн. теңге аралығында болмақ. Қаржыға  тозығы жеткен, өткен жылу беру маусымында ақау орын алған  жылу жүйелерін  алмастырып,  орамішілік құбырларды жаңалаймыз»-, дейді  «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры Пердебай Сабитов.  Қазір «Қуатыжлуорталық-3» мекемесінің бригадалары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі  көпқабатты үйдің ауласындағы орамшілік құбырды жаңалауда.

 «4/5 үйге баратын құбырларды алмастырып жатырмыз. Жұмысты бастағанымызға бір апта болды. Бір айда бітіруге тырысамыз. Құбырларды арнайы қаптағышпен қаптап береміз» — дейді жұмысшы Бекайдар Сауырбаев.

Ауладағы 4/5 үйдегі тозығы жеткен құбырлар былтыр алмастырылған болатын. Тұрғындардың айтуынша қыс бойы қиындық болмаған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.