
Шымкент қаласында жылыту маусымы 15 қазанда басталады,-деп хабарлайды «anyq.kz»-ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қаланың магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелерін суық сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қаланың магистралдық жылу жүйелері толықтай суға толған.
«Ішкі орамдық жылу жүйелерін суға толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл тұрғыда бүгінгі атқарылған жұмыстар 60%-ды құрайды. Қазан айының 10-12 дейін қаладағы магистралдық ішкі орамдық жылу жүйелері толықтай суық сумен толатырылатын болады», — дейді Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.
Шымкент аумағында жылу 15 қазаннан бастап қосылады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, қалада 479 бюджеттік мекеме жұмыс істеп тұр. Оның 271-і жеке қазандықтармен жылытылса, 208-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
338837 185234I quite happy to uncover this website on bing, just what I was seeking for : D too bookmarked . 37745
896882 977524Many thanks I ought say, impressed along with your internet site. I will post this to my facebook wall. 744248
807976 247634you could have a great weblog here! would you wish to make some invite posts on my weblog? 265433