Шымкент: Жұмыскерлердің еңбек құқығы – басты назарда

Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторлары «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ қызметкерлеріне «Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша міндеттері туралы» және бүгінгі таңдағы қолданыстағы еңбек заңнамалары түсіндіру жөнінде кездесу өтті.


Сондай-ақ, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын жасасу тәртібі, еңбек тәртіптемесі, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу, ауысымдық жұмыстың ерекшеліктері, жұмыс беруші тарапынан болатын кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, жеке еңбек дауларын қарау сияқты жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында болатын өзекті мәселелер туралы айтылды.

Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтары кеңінен талқыланып, қызметкерлер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.

Оған қоса, еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша хабарлама бермей-ақ, өтемақы төлемін жүргізіп, жұмыс берушіге еңбек шартын тоқтатуға мүмкіндік берген 50-баптың 3-тармағы алынып тасталған. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде әлеуметтік әріптестік саласында нақтылау сипатына өзгеріс енгізілген.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.