Шымкентте 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Қала аумағында зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 26 сәуір мен 10 мамыр күндері аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдеді.
Аталған жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс контейнерлеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал, жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
«Ескерте кететін жәйт, көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді балаларыңыздың ұстамауына және үй жануарларының жеп қоюына абай болуларыңызды сұраймыз!»,-дейді Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.
Қосымша ақпарат бойынша: 8(7252)24-75-37.
Сондай-ақ, көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып, санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат