Бүгінде Шымкент қаласының медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдікті жандарға зертханалық жұмыстар жүргізіп, оларды оқшаулауда.
Одан бөлек, өзге аурумен стационарлық емге жолданған науқастарға скрингтік жұмыстар жүргізуде. Бұл таңдаулы эпидемиологиялық қадағалаудан төтенше жағдайға тартылған мамандар да өтуде.
Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 87%-ында ауру жеңіл түрде өтуде.
Яғни науқастарда қызуы көтерілмей, жөтелмей-ақ, індеттің инфекциясы анықталуда. Сол себепті халық арасында әртүрлі сөздер таралуда. Бірақ мұндай сөздерге еріп, өкінішті жағдайға ұшырап қалмауымыз керек. Ол үшін санитарлық нормаларды жадымыздан шығармай, сақтанып жүруіміз қажет.
Осы ретте айта кетейік, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тестіден өткізу шаралары күшейтілді. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл аппарат коронавирус инфекциясын нақты әрі тез анықтайды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн. теңге бөлінген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.