
2021 жылы 28 сәуір күні Ынтымақ-2 елді мекенінің тұрғындары кәріз тазалау имаратынан жағымсыз иіс шығатыны жөнінде мәселе көтерген болатын.
Осыған байланысты Абай ауданының әкімі, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы және «Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС бас директоры бірлесе шешу жолдарын талқылады.
«Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС басшысы А.Орман технологияға сәйкес кәріз тазалау имаратынан шығатын өңделмеген тұнба (сырой осадок) «Албасты сай» шұңқырына құйылатынын айтты. Тұрғындардың наразылығын ескере отырып, жағымсыз иісті болдырмау үшін заманауи технология әдістері қолданылатын болады. Нақтырақ айтсақ, өңделмеген тұнба құятын шұңқыр орны кәріз тазалау имаратының (КОС) батыс бөлігіне ауыстырылады. Аталған жұмыстардың ауқымдылығын ескеріп, 6 ай мерзімде, яғни жыл соңына дейін іске асырылатынын мәлімдеді.
Ал қосымша құбырдан аққан лас сулар бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков түсіндіріп өтті.
– Бұл мәселені тез арада шешу үшін жауапты мекемелерден арнайы комиссия құрып, зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Шамамен 7 күн ішінде мәселенің мән-жайы анықталып, тиісті шаралар көріледі, – деді басқарма басшысы.
Тез арада арнайы комииссия құрылып, бекітілген комиссия мүшелерімен күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ирригация құбырынан ешқандай да су ағып жатқан жоқ екендігі анықталды. Тексеру жұмыстары тәулігіне екі рет атқарылады Тексеру жұмыстарының толық нәтижесі алда қосымша хабарланады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
486332 504484Aw, this was a very good post. In thought I wish to put in writing like this in addition — taking time and precise effort to make an superb article but what can I say I procrastinate alot and under no circumstances seem to get something done. 776715
I am extremely impressed along with your writing talents and also with the layout to your weblog.
Is that this a paid topic or did you customize it yourself?
Either way stay up the nice quality writing, it is rare to
look a nice weblog like this one nowadays. Tools For Creators!