Шымкент: Кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі түсіндірілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры Алмас Тастановтың қатысуымен шағын және орта бизнестің мәселелері туралы жиын өтті.


Басқосу барысында Айбек Берікұлы пандемия кезінде кәсіпкерлік субъектілерге көрсетілетін қолдау бойынша айтып, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар жөнінде сөз қозғады. Яғни, орынбасар кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен тиімділігін жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы беріліп жатқан несиелер мен жеңілдіктер жөнінде айтылды.

Іс-шара кезінде бизнес өкілдерін қолдауға инвестициялық орталықтар белсене атсалысып жатқаны сөз болды. Одан бөлек, жаңадан ісін бастаған кәсіпкерге кездесетін кедергілерді шешу жолдары қарастырылды.

Айта кетейік, жиынға кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен қаржы институттары қатысты. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.