Шымкент: Мектеп тапшылығы кезең-кезеңімен шешіледі

Шымкентте мектеп тапшылығы кезең-кезеңімен шешіледі,-деп хабарлайды Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның мәлімдеуінше, Шымкент қаласындағы  үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы пайдалануға берілгелі отыр.

«Жүргізілген мониторинг нәтижесінде  мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда жеке меншік мектеп ашамын деген кәсіпкерлерімізге өте зор мүмкіндік болатыны сөзсіз. Жеке меншік мектеп ашамын деген кәсіпкерлерге қаржыны көп талап етпейтін тетіктер қарастырылған. Яғни, қаламызда бос тұрған ғимараттарды жалға алу арқылы, санитарлық нормаларын сақтай отырып, мектептер ашуға болады», — деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы.

Ж.Тәжиеваның мәлімдеуінше, Білім және ғылым министірлігінің тапсырмасына сәйкес, балабақшалардың сапасына қатысты қыркүйек айынан бастап лицензиялау талаптары қарастырылған. Бала тәрбиесіне салғырт қарап, кейбір санитарлық талаптардың сақтамаған балабақшалар жабылатын болады. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.