Мемлекеттік грант – кәсіпкерлікке қолдау.
Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіптерін дөңгелетіп жүрген жандар жетерлік. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мысалы өткен жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Соның бірі- Шымкент қаласының тұрғыны Рахат Мамбекова. Ол былтыр 21 күндік «Бастау бизнес» жобасы аясында оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болған.
Кейін Рахат «Тігін ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынып, нәтижесінде 555 650 тг көлемінде грантқа қол жеткізді. Қазір ол қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып, қазақи нақыштағы түрлі кимешек, комзол тігіп сатылымға шығарып отыр. Қазіргі таңда тауарлары көп сұранысқа ие.
Айта кетейік, өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 2820 адам оқыды. Ал биылдың өзінде осы жоба бойынша 600 адам грантқа ие болды. Сонымен қоса, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You’re really a just right webmaster. This site loading speed is
incredible. It seems that you are doing any distinctive trick.
Also, the contents are masterwork. you have done a excellent task in this topic!
Similar here: tani sklep and also here: Zakupy online