Шымкентте 1 – маусым балалар мерекесі күні қарсаңында 18-жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір реттік төлем жүргізілуде.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мүмкіндігі шектеулі 6000-нан астам баланың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Мерекелік төлемді жүзеге асыруда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметтері негізге алынады.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат