
Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының мамандары мобильді базалық станциялардың адам денсаулығына зияны жоқ екенін айтып, тұрғындарға арнайы кәсіби мамандардың қорытындысы мен ресми дерек көздерге сүйенуге шақырды.
Мамандардың айтуынша, базалық станциялардың радиотолқындары күнделікті үйде тұтынатын микротолқынды пештің радиотолқынынан 20 есе аз екен.
«Мобильді базалық станциялардың арқасында барлық қоңыраулар мен фото-видео материалдар өз адресатына жетеді. Ондағы радиотолқындардың адам өміріне ешқандай қаупі жоқ. Бұл туралы уәкілетті органдардың арнайы тиісті сараптамалық қорытындысы жасалды. Станциялар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, орнатылады. Толқындар энергиясы тұрғын үйлер деңгейінен жоғары болуы үшін антенналар вертикалды түрде бағытталады. Үй терезесінің өзі радиосигнал қуатын екі есе азайтса, үйдің қабырғалары мен шатыры 30 есеге азайтады. Яғни, адам өмірі мен денсаулығына базалық станциялардың зияны жоқ»,-дейді басқарма өкілі Д.Әлібеков.
Бүгінгі таңда әрбір тұрғын үйдің интернетке қолжетімділігін арттыру мақсатында қала аумағы бойынша 11 базалық станция орнату бойынша тиісті жер телімдері бөлініп, мемлекеттік актілері рәсімделді. Сонымен қатар, интернет сапасы төмен аймақтар анықталып, базалық станциялар орнату бойынша 14 орын нақтыланған.
«ANYQ.KZ»—ақпарат
641978 406932You got a really good internet site, Gladiolus I discovered it through yahoo. 909290
558411 806063noutati interesante si utile postate pe blogul dumneavoastra. dar ca si o paranteza , ce parere aveti de inchiriere vile vacanta ?. 814724
886420 784016My brother suggested I would possibly like this blog. He was once entirely appropriate. This submit really made my day. You cant believe just how so much time I had spent for this info! Thank you! 592741