Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.


Әлеуметтік нысандар мүгедектердің кіріп-шығуына, түрлі қызмет алуына, жұмыс істеуіне қолайлы болуы керек. Осы мақсатта  кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. 

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, 2014-2020 жылдары Шымкент қаласында 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылды. Былтыр қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 әлеуметтік нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді: Абай ауданы – 10, Әл-Фараби ауданы  – 15, Еңбекші ауданы – 15 және Қаратау ауданында – 15 нысан.  

Бүгінгі таңға дейін аудан әкімдіктері тарапынан 2021 жылға паспорттаудан және бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталып отыр.  Абай ауданы – 4, Еңбекші ауданы – 22, Әл-Фараби ауданы – 31 және Қаратау ауданында – 18 нысан. Бүгінде осы мақсатта құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда.

Қосымша сұрақтар үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 27-71-32 тел нөміріне хабарласуға болады.  

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.