Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолөнер бұйымдары көрмесі өтті

Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.


Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті.

Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді.

Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін көрсетіп, тоқыған жекеттері мен баскиімдерінің ерекшелігімен көзге түсті.

– Қазақ халқының оюлары, қолөнері – ең басты қазынамыз. Өзіме ұлтық нақыштағы киімдер тігіп, әшекей тастармен безендірген қатты ұнайды. Іске жан-тәніммен кіріскендіктен уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаламын, – дейді қатысушылардың бірі Әлия Уанасова.

Сонымен қатар, қызмет алушылар төсек-жабдықтар тігумен, қағаз орамдарынан ваза жасаумен, моншақтардан аю, сиыр кескіндерін, көкөніс салуға арналған ыдыстар тоқумен белсенді айналысады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейдакбардың айтуынша, Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 29620 294834There several fascinating points in time in this post but I dont know if I see these center to heart. There may be some validity but Ill take hold opinion until I explore it further. Superb article , thanks and then we want a lot much more! Put into FeedBurner too 117363

  2. 682146 851586Water-resistant our wales in advance of when numerous planking. The particular wales surely are a selection of heavy duty snowboards that this height ones would be the same in principle as a new shell planking having said that with considerably a lot more height to help you thrust outward inside the evening planking. planking 692043

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.