Шымкент: Наурызда жаппай мерекелік серуен болмайды

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.


– Биыл Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен үшінші мегаполис Наурыз мейрамын «Наурыз – Шымкенттен басталады» атты мегажобамен бастады. Бұл жобаның идеясы жүзеге асып, бүкіл Қазақстан халқы осы айда Шымкентке беттейтіндей тойлау үшін бірнеше жыл керек. Оған қоса, негізгі мақсаты – парсы және түркі халықтары Ұлыстың ұлы күнін халықаралық деңгейде тойлайтын мерекеге айналдыру. Яғни, бүкіл әлем халқы Жапонияға Сакураның гүлдеуіне, Голландияға раушан гүлін іздеп баратындай деңгейге жеткізу. Бұл мерекенің миссиясы мен философиясы – осы, – деді Ш.Мұқан.

Брифинг барысында Шыңғыс Жұмабекұлы халық жаппай мерекелік серуенге шығатын күндерге тоқталды.

– Шымкент қаласы былтырдан бері «жасыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 36 жағдайы тіркелді. Әрине, жалпы алғанда аса көп емес. Бірақ эпидемиологиялық ахуал қалыпты болып тұрған жоқ. Сол себепті Шымкент қаласының тұрғындары халық жаппай мерекелік серуенге шығатын 21, 22, 23 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күнін жылдағыдай дәстүрлі түрде тойлай алмайды. Ал біз тізімін бекіткен 10 күндік мерекелік іс-шаралар телевизиялық форматқа көшіріледі, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.