
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мәлімдеді.
– «Наурыз – Шымкенттен басталады» мегажобасы аясында бүгінге дейін 50-ден аса іс-шара өтті. Оның ішінде ашық алаңдағы бағдарламалар ауа-райының қолайсыздығына байланысты концерттік залдарға ауыстырылды. Бұл ретте мерекелік кештер барлық санитарлық талаптың сақталуымен әрі келушілердің саны шектелумен ұйымдастырылды. Ал бүгіннен бастап бүкіл мерекелік іс-шараны телевизиялық форматқа көшіріп, қорымызды кереметтей сәттермен толтыруды жоспарлап отырмыз, – деді Ханзада Әзімханқызы.
Айта кетейік, «Наурыз – Шымкенттен басталады» атты жобасы аясында қалада 14 наурыз – «Көрісу» күні, 15 наурыз – «Жер-көк» табиғат күні, 16 наурыз – «Шежіре» күні, 17 наурыз – «Тарихқа тағзым» күні, 18 наурыз – «Игі істер» күні, 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» күні, 20 наурыз – «Зияткерлік» күні, 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар» күні, 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы» күні және 23 наурыз – «Жоралғы» күні болып белгіленген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
245903 423997Wow, incredible weblog structure! How long have you been running a blog for? you created running a blog appear straightforward. The complete appear of your website is magnificent, neatly as the content material material! 218381
979310 625815This web internet site is really a walk-through for all of the information you wanted about this and didnt know who to ask. Glimpse here, and youll undoubtedly discover it. 265248