Шымкент: Оңтүстік айналма жолының құрылыс барысы бақылауда

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ өкілдері Шымкент-Ташкент бағытындағы «Оңтүстік айналма жолының» құрылыс барысын аралап көрді.


Оңтүстік айналма жол-құрылысының (Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін) мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Құрылыстың бас мердігері — «Корпорация Береке-А» ЖШС.

Жол-құрылысының ұзындығы — 16 шақырым. Қазіргі таңда көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда.

Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол-құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бұл орайда жалпы 91 жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару қажет.

Осыған дейін арнайы топ Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ кезеңі жұмыстарымен («Ескі қалашық» аумағы) танысқан болатын.

Көшенің жалпы ұзындығы- 1,71 шақырым, ені- 42 метр, 6 жолақты.

Қазіргі таңда аталған нысанда мемлекет мұқтаждығына алынған 12 үйді сүру жұмыстары жүргізілді. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі (тоннел) бөлігі қарастырылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.