Шымкент: Президенттің құттықтау хаты 10 мың метр биікте табысталды

Шымкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты 10 мың метр биікте табысталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Фейсбук әлеуметтік желісінде жазды.

Шыңғыс Мұқанның айтуынша, Президенттің атынан төрт хат келген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің 8 наурызға арнайы хатын тапсырды.

М.Әуезов университетінің ректоры, ұлағатты ұстаз Дария Пернешқызы мен көркем гимнастикадағы ұлт мақтанышы Әлия Жүсіпова Шымкентте болмай шыққан. Алайда ректор Дария Пернешқызы Алматыға ұшып бара жатқанын хабарлаған. Әкімдік қызметкерлері қай ұшақ екенін білген. Дәл сол ұшақпен Алматыға бір жиналысқа Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбек ұшып бара жатқан.

Осылайша Мәди Манатбек Шымкент-Алматы ұшағында 10 мың метр биіктікте бүкіл салонға хабарлап, Президенттің құттықтауы мен қала әкімінің атынан Шымкенттің символы — бір шоқ қызғалдақ гүлін табыс етті.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 838768 222337There a couple of fascinating points over time here but I dont know if I see them all center to heart. There exists some validity but Let me take hold opinion until I appear into it further. Really great post , thanks and now we want more! Included with FeedBurner at the same time 485467

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.