Шымкент: Рысқұлов көшесінің екінші бөлігі ашылды

Шымкент қаласында Д. Қонаев -Т. Рысқұлов жолайрығының Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігі көлік қозғалысына ашылды.


Бұрын осы қиылыстан тәулігіне 60 мыңға жуық автокөлік өтетін болса, қазіргі өткізу қабілеті 140 мыңға жетті.

Қаладағы ірі жобалардың бірі болып табылатын нысан құрылысы аяқталып, көлік қозғалысы барлық бағытқа ашылды.

Ендігі кезекте аймақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары бар.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталуға жақындаған жолайырық құрылыс жұмыстарын тексеріп шықты.

«Бүгін жолайрық құрылысы аяқталып, барлық бағытты көлік қозғалысына 100 пайыз ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! Бұл бағыттағы ірі жобалар жалғасын табады. Кезекте Бәйдібек би — Арғынбеков жолайырығын салу бар. Енді жүк осы Рысқұлов көшесіне түседі. Кептеліс-әр мегаполистің басты мәселесі. Мақсатымыз оны барынша жеңілдету. Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамын»,- деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұл мега жоба құжаттама бойынша екі жылға жоспарланған. Қала орталығындағы ыңғайсыздықтарды ертерек жою мақсаты мен қарқынды құрылыс жұмыстары нәтижесінде осы жылы аяқталды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 818801 570639I just couldnt depart your internet site prior to suggesting that I incredibly enjoyed the standard info an individual supply for your visitors? Is gonna be back regularly in order to inspect new posts 608291

  2. 276503 495773I discovered your blog internet site on google and examine several of your early posts. Continue to maintain up the superb operate. I just extra up your RSS feed to my MSN News Reader. In search of forward to reading a lot more from you later on! 866842

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.