Шымкент: «Сергек» камералары заң бұзушылықтарды анықтауға септігін тигізуде

Шымкент қаласының 14 көшесіне орнатылған «Сергек» жүйесі 5 қаңтардан бастап іске қосылған болатын.


Қазіргі таңда интелектуалды камералардың автокөлік жылдамдығын асырған фактіні тіркейтін бір жүйесі ғана қолданылып отыр. 

Камералар өз жұмысын бастаған күннен бір тәулік ішінде 224 құқық бұзушылықты анықтап, көлік жүргізушілеріне 3 111 360 теңге айыппұл салынды. 

Заң бұзушылық жөнінде мекенжайға хабарлама барғаннан кейін  7 тәулік ішінде тағайындалған айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар. Өндірілген қаржы толықтай мемлекет бюджетіне түседі. 

Өткен жылы қала аумағында 322 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 76 адам қаза болған, 406 азамат әр түрлі дене жарақаттарын алған. Ал, «Сергек» камералары қаладағы  жол көлік оқиғасын азайтуға және көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асырмауға септігін тигізеді. 

Шымкентте 3 жыл ішінде жалпы саны 4000 ақылды камераны орнату жоспарланған. 

Мұндай камералар арқылы қылмысқа және өзге де заң бұзушылықтарға қатысы бар көліктерге бақылау жүргізуге мүмкіндік бар.  Сонымен қатар, «Сергек» жүйесі ауа-райының қолайсыз жағдайына қарамай, барлық уақытта бір қалыпты жұмыс атқарады. 

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Hey There. I found your blog the usage of msn. This is a very smartly written article.
    I’ll be sure to bookmark it and come back to read extra of your useful information.
    Thanks for the post. I’ll definitely return.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.