Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастамасымен мамандандырылған күзет қызмет басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті.


Онлайн режимде өткен шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, мамандандырылған күзет қызмет басқармасының бастығы Ж.Піртаев қатысты.

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстармен таныстыру, адалдық пен ар тазалығы, парасаттылық қағидаларын кеңінен дәріптеу болып табылады.

Жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы талқыланған кездесуде Департамент басшылығы қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылықтарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне аударды.

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталғандығы айтылып, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралы ретінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу маңыздылығы жеткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге уәкілетті болып табылады.

Сонымен қатар, Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстары баяндалып, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасау келісілді.

Шара соңында қатысушылардың назарына Департаментпен арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.