Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі байқау жариялады

Байқауға Шымкент қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.


«Парасатты отбасы» онлайн байқауының Ережесі:

Жалпы ереже

1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және қалалық білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
1.2 Қалалық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ізденімпаз оқушылар мен студенттер өз жанұясымен қатыса алады.

2.Байқауға қатысу шарттары

2.1. Байқауға Шымкент қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
2.3. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде ортақ хэштегпен (#parasattyotbasy17) тегтеп орналастырады.

3. Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.
3.2. Байқауға қатысушылардың өтінімдері мен ұсынылған роликтері төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
1) роликтің ішкі мазмұнының тақырыпқа сәйкес болуы;
2) роликтің негізгі идеясының ерекшелігі;
3) такырыптың негізгі идеясын аша білуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үлесі.
3.3. Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (1-қосымша) қалалық білім басқармасының электрондық поштасына 2020 жылдың
28 қазанына дейін жолданады (Meru.medetbekova@mail.ru).
3.4. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалған отбасылар арасынан
«Үздік оқырман отбасы», «Зейінді отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Дәстүрге берік отбасы» номинациялары бойынша таңдалып, алғыс хаттармен марапатталады.

1-қосымша
«Парасатты отбасы»
онлайн байқауына қатысуға өтінім
1 Қала атауы
2 Білім беру ұйымының атауы
3 Оқушының Т.А.Ә.
4 Ата-ананың Т.А.Ә.
5 Байланыс телефондары
6 Қатысушылар саны

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

17 Comments

  1. Hi, i read your blog from time to time and i own a similar one and i was just wondering if you get a lot of spam comments?
    If so how do you protect against it, any plugin or anything you can advise?
    I get so much lately it’s driving me crazy so any assistance is very much
    appreciated.

  2. Have you ever considered writing an ebook or guest authoring on other blogs?
    I have a blog based upon on the same ideas you discuss and would love to
    have you share some stories/information. I know my subscribers would enjoy your work.
    If you’re even remotely interested, feel free to shoot me
    an e-mail.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.