Шымкент: Туризм басқармасы мен «FlyArystan» әуе компаниясы меморандумға қол қойды

Шымкент қаласында туризм басқармасы мен «FlyArystan» әуе компаниясы бірлесе кезекті мәдени-ақпараттық тур ұйымдастырды. Бұл жолы үшінші мегаполиске Өскемен, Қарағанды және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының бұқаралық ақпарат құралдары мен туристік агенттік өкілдері қатысты.


29-30 қыркүйек күндеріне жоспарланған іс-шараның мақсаты – Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамытып, ішкі туризмінің ағынын ұлғайту, қаланың көрікті орындары туралы ақпаратты отандық БАҚ-та кеңінен насихаттау.

Жалпы ақпараттық турда 30-дан аса туристік агенттік өкілдері мен түрлі бағыттағы БАҚ өкілдері бас қосты. Атап айтқанда, «Сары-Арқа Қазақстан», «Новое ТВ» телеарнасы, «Менің өлкем» газеті мен Tengri Trevel және өзге де журналист-блогерлер шақырылған. Ал туристік операторлардан Орталық және Шығыс Қазақстан туроператорлары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Шымкенттің мәдени-көрікті жерлерін аралап, ерекше орындарымен танысты. Мәселен Сайрам елдімекеніндегі Ибрагим ата, Қарашаш ана, Хызыр, Мәртөбе кесенелерінде болып, көне Қырғы базар мен жаңадан бой көтерген «Ескі қала» цитаделде және археологиялық орындар мен саябақтарды тамашалады.

Сондай-ақ, бүгінгі іс-шарада мәдени-ақпараттық турға қатысты баспасөз-брифингі өтті. «FlyArystan» әуе компаниясы мен туризм басқармасы өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.