«Тұран» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді.
Басқарма басшысы Боранбай Булатбеков «Тұран» шағынауданына барып, құрылыс жұмыстарын пысықтады.
– «Тұран» шағынауданындағы ішкі магистралдық кәріз жүйесінің құрылысын «Газовое Хозяйство Шымкентгаз» мердігер мекемесі жүргізетін болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталып, 2022 жылы аяқтау жоспаланып отыр. Нәтижесінде, шағынаудан тұрғындары орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі, — деді Б.Булатбеков.
«Тұран» шағынауданының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі — 10 %. Бүгінде шағынауданда жалпы 5,5 шақырым магистралды кәріз құбыры бар. Бұл желіге «Отау Строй» және «Әдия» тұрғын үй кешендері қосылған.
Қазіргі таңда «Тұран» шағынауданын кәрізбен қамту мақсатында 13 км магистралды және 50 км ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталды. 2021 жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес, магистралдық құбырлар 100 пайыз және ішкіорамдық құбырлардың 35 км кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат