Шымкент: Тұрғындардың мәселесі «Нұр Отан» партиясының қатаң бақылауында

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкент қаласына жасаған іс-сапырында берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Таскен» шағын ауданында атқарылып отырған жұмыстардың барысымен танысты.


«Таскен» шағын ауданында трансформаторлар мен желілерді жаңарту бойынша 2020 жылға жалпы құны 270 млн теңге болатын 39,3 км жаңа электр желісін тарту, 9 трансформатор орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қалада карантин режимінің енгізілуіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды. Электр желісін тарту жұмыстары маусым айында басталады. Аяқтау мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айларына жоспарланған.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу кезінде тұрғындар басқа да түйіткелдерді, соның ішінде шағын аудандағы жолдардың сапасына қатысты мәселелерді ортаға салған. Бұл бағытта да бірқатар жұмыстар атқарылған.
К.Маханұлы және Т.Ташмұханбетов көшелерінің құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 42,5 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда сатып-алу конкурсы жүргізіліп, «Әзіретжолқұрылыс» ЖШС-ы жеңімпаз болып танылған. Көшелерге асфальттау жұмыстары жүргізілуде.
Әйтеке би, Түгейболат және Абылайхан көшелерін жөндеуге наурыз айында 189,1 млн.теңге қаралып, 2020 жылдың мамыр айында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурс жеңімпазы анықталған соң жұмыстар басталатын болады.
Жаңақұрылыс аумағындағы (Новостройка) атауы жоқ 5 көшеге шағал тас төсеу жұмыстарын «Даxль-Сервис» ЖШС 2020 жылдың 25 мамырында бастап, 2020 жылдың 15 маусымына бітіреді.
Аталған жұмыстардың орындалуы партия бақылауында болады

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.