Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифтің енуіне орай 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттердің өз тарифтеріне байланысты «TOLEM» карталары болмаған жағдайда 35/50 теңге орнына 100 теңге төлеуі керек болатын.
Алайда, қазіргі таңда «TOLEM» картасын алған және алуға өтініш білдірген тұрғындар санының өсуіне байланысты, карантиндік талаптардың бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында қолма–қол төлемнің өзгерісін 15 СӘУІРГЕ дейін СОЗУ туралы шешім қабылданды.
Демек, оқушылар да және студенттер де «TOLEM» картасы болмаған жағдайда 15 СӘУІРДЕН бастап қолма-қол 100 теңге төлеуге тура келеді.
Сондықтан 15 сәуірге дейін ТӨЛЕМ карталарын толық алуға асығыңыздар.
Ол үшін келесі жолдар қарастырылған:
— Телеграм Бот (@TolemCardRegisterBot) жүйесінде арыз қалдыру;
— Әл-Фараби алаңы #9 мекенжайында орналасқан ТОЛЕМ-нің фронт офисіне барып арыз қалдыру.
Құрметті қала тұрғындары!
Егер қоғамдық көлікте валидатор істемей тұрғанын немесе кондуктордың ТӨЛЕМ картасы бола тұра қолма-қол ақша төлеуін өтінген жағдайға тап болсаңыз тегін 109 нөміріне хабар беріңіздер.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?