Шымкент: Цифрландыру басқармасы тарапынан 2021 жылдың 1 тоқсанында бірқатар жұмыстар жүзеге асты

Шымкентте 30 тұрғын алапқа оптикалық желі тарту жұмыстары атқарылуда.


Басқарма басшысы Әсет Әбдіраханов атқарылған жұмыстарды баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, «Цифлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланы сапалы интернетпен қамту 3 кезеңге бөлінген. 1 кезеңдегі жұмыстар толық аяқталды. 2 — кезеңде 14 елдімекен қарастырылып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Атап айтқанда, Тассай және Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағынауданында жер қазу және бетон құю жұмыстары атқарылса, А 2 айналма жолы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Р-32 трассасы (Сиқым), Құрсай шағынаудандарда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, 3-кезең үшін талшықты-оптикалық желі тарту мақсатында қала аумағындағы 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жеке инвесторлар есебінен атқарылатын болады. «Самғау-Телком» компаниясы тарапынан Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200 үйге) кабел жүргізіліп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдануда.

Сонымен қоса, ағымдағы жылдың шілде айының аяғына дейін тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылатын болады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.