Шымкент қаласында шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар департаменті жанынан атты патруль құрылды.
Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері қаланың шалғай аудандарын атпен аралап, тұрғындарға насихат жұмыстарын жүргізеді. Қауіпсіздіктің алдын алу шарасындағы жаңашылдықты Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері енгізген екен.
Қазірде патрулдің құрамында 4 ат бар. Көлік өте алмайтын ең қиын жерлер мен және тыйым салынған аймақтарда шомылуға әуесқойлармен күреске енді арнайы жасақ кезекшілікпен аралайды.
Шомылу маусымы ашылғалы ТЖ мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп Шапырашты елді мекенінде насихаттау жұмысын ұйымдастырған. Мұнда жергілікті балалар шомылатын бірнеше өзен бар. Әсіресе түстен кейін шомылушылардың қарасы көбейеді. Сала мамандарының дерегінше тыйым салынған жерлерде көбінесе балалар ата-анасының қарауынсыз шомылады. Қала шетіндегі өзендерде тиісті инфрақұрылым мен құтқару стансасы жоқтығынан қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Тексеру барысында өзеннің жағалауындағы тұрғындарға арнайы белгіленбеген жерде шомылудың қауіпті екенін ескертіп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар, балалар үшін өзендер үлкен қауіп төндіретінін, қатты ағыс, суық су және түбіндегі өткір тастар, қарапайым абайсыздық нағыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкіндігін түсіндірді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
The recent work I’ve done with the biomedical engineering team has opened my eyes to
the crucial role played by stainless steel within the medical field.
From surgical instruments to implants, the biocompatibility that certain stainless steel grades is saving lives.
The ongoing research on new alloys with enhanced properties for medical applications is an area I’m excited to investigate further on my blog.
It is a specialization field that requires deep
understanding of materials science as well as manufacturing techniques.
As a writer who writes about rubber-molded parts, I’ve built an excellent foundation in these fields
and provide valuable insights for industry professionals.
My blog has become an essential resource for anyone looking to enhance their skills
and knowledge in the field of rubber molding.