Шымкент: Ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумға қол қойылды

Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің бастамасымен Медиация институтын одан әрі дамыту үшін көп жақты Меморандумға қол қойылды.


Атап айтқанда, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Билер кеңесі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» және қаладағы Медиация Орталықтарының басшылары бірлесе жұмыс жасауға келісті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіре түсу керектігіне көңіл бөлуде. Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да үшінші билік жұмысын жетілдірудің жолы да ұмыт қалмады. Яғни медиацияның тарихи мәні тереңде.Дамыған елдерде істердің 90 пайызы медиациямен шешіледі. Дау болғасын сотта екі тарап бірдей жеңіске жетпейді. Ал татуластыру арқылы бірдей келісім жасалады. Алдағы уақытта тараптардың жұмысы медацияны дамытады деп сенемін,-деді Соттар әкімшісінің басшысы Берік Мейірханов

Сондай-ақ меморандумда тараптар жанжалдардың алдын алуға және оларды шешуге бағытталған татуластыру рәсімдерін дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері сөз болды. 

Қазіргі таңда Шымкентте аудандық соттарда, аудандық әкімдіктерде, Жұмыспен қамту орталығында және мамандандырылған соттың ғимаратында медиатор кабинеттері жұмыс істейді. Алдағы уақытта татуластыру рәсімдеріне жүгіну азаматтардың жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуіне ықпал етеді және құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.