
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Экспорт жөніндегі кеңес отырысы қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың төрағалығымен өтті.
Онлайн форматта өткен жиынға «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы және «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы, «Атамекен» ҰКП мен аудан әкімдері, Шымкент қаласының 35 ірі экспорттаушы кәсіпорындары қатысты.
Отырыс барысында отандық өнімдер экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру мәселелері мен көлік шығындарын өтеу, экспорттаушыларды қолдаудың өзге де жайы талқыланды. Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.
Жалпы қалада машина жасау, металлургия, тамақ өнімдерін өндіретін, жеңіл өнеркәсібінде, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс істейтін 35 белсенді экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді. Өткен жылы тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемі 352,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Әкім орынбасары экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру қала өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне сенім білдірді. Бұл экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы отандық өнім көлемін арттыратынын баса айтты.
Осы жылдың басынан «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығымен отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдерді веб-портал арқылы қабылдауды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша 29 өтінім келіп түскен.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?
637053 644522Fairly uncommon. Is likely to appreciate it for individuals who include community forums or anything, internet website theme . a tones way for the client to communicate. Outstanding job.. 395830
83025 708587This is a good topic to talk about. Sometimes I fav stuff like this on Redit. This write-up probably wont do nicely with that crowd. I will probably be confident to submit something else though. 138233