Шымкент жастары тұрғындарға арнайы жазбасы бар шар мен маска таратты

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Үшінші мегаполис әкімі, әкімшілік қызметкерлері және басқармалардың мамандары елімізде орын алған індетпен күресудің түрлі амалдарын жасап, қолдан келгенше қала тұрғындарына қол ұшын созуда.Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен бетперделер таратты. Онда «Маска тағыңыз!», «Жақыныңызға жанашыр болыңыз!», «Үйде қалыңыз», «Карантин режимін сақтаңыз!» секілді жазбалар бар.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ»ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.