«Шымкент жастар лигасы» : ІІ-кезеңде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының спортшылары сынға түседі

Шымкентте мектеп оқушылары арасында бұқаралық спорттан «Шымкент жастар лигасы» жобасы басталған болатын.


Алғашқы кезеңде, яғни наурыз-мамыр аралығына жоспарланған сайыстарға жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, ал ІІ-кезеңде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының спортшылары сынға түседі.

Бұл кезең қырқүйек және қараша айларында өтеді. Бүгінгі таңда мектеп командалары арасында жеребе тасталып ойын кестесі түзіліп, соған сәйкес командалар өз ара кім мықтыны анықтап жатыр.Айта кетейік, спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Мақсат – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау.

Жалпы аталған жобаға қатысуға Шымкент қаласы бойынша 4 спорт түрінен 140 мектептен 536 команда (8 569 жас) өтінім берген. Олар спорттың футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында) және шахмат (ұлдар, қыздар арасында) түрінен сайысқа түсуде.

Ережеге сәйкес, әр ауданда аудан аралық айналым бойынша ойын ойнатылады. Ауданнан 4 команда ширек финалға жолдама алады. Ширек финалға шыққан жеңімпаз команда арасында ойын ойналады. Одан жеңген команда финалға шығып, жарыстың қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Бүгінгі таңда, «Баскетбол» бойынша 8 команда (№23, 33, 42, 1, 29, 45, 8 және №2 «Дарын» мектептері), «Волейбол» бойынша 4 команда (№89, 131, 68, 113 мектептері) финалға жолдама алды.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.