
Бүгінде елімізде бұқаралық спортқа кең көлемде көңіл бөлініп келе жатыр. Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді.
Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады», — деп атап өтті.
Президенттің аталмыш тапсырмасын негізге ала отыра, Шымкент қаласы әкімдігі наурыз айынын бастап мектеп оқушылары арасында бұқаралық спорттан «Шымкент жастар лигасы» жобасын қолға алды. Мақсат – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдандыру арқылы шеберлік пен табандылықтарын қалыптастыру және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау.
Жоба екі кезеңге бөлініп ұйымдастырылуда. Алғашқы кезеңде жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, ал ІІ-кезеңде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының спортшылары сынға түседі.
Аталған жобаға қатысу үшін Шымкент қаласы бойынша 4 спорт түрінен 140 мектептен 536 команда (8 569 жас) өтінім берген. Олар спорттың футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында) және шахмат (ұлдар, қыздар арасында) түрінен сайысқа түсуде.
Бүгінгі таңда, «Баскетбол» бойынша 8 команда (№23, 33, 42, 1, 29, 45, 8 және №2 «Дарын» мектептері), «Волейбол» бойынша 4 команда (№89, 131, 68, 113 мектептері) финалға жолдама алды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
317834 527755Howdy! I just wish to give a huge thumbs up for the wonderful information you might have here on this post. I will probably be coming back to your weblog for far more soon. 347057
I am extremely inspired with your writing
talents and also with the format for your blog. Is this a
paid topic or did you modify it your self? Either way stay up the nice quality writing, it’s rare to peer a
nice weblog like this one nowadays. Madgicx!