Шымкентте этнос өкілдері арасында «Шымкент – менің Отаным» атты байқауы өз мәресіне жетті.
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткен сайыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының «ШЫМКЕНТ МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы шеңберінде онлайн форматта ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің қызметкерлері қазылық еткен байқауға оқу орынының 7 факультетінен 50-ге жуық жас бақ сынады.
Үздіктер қазақ тіліндегі шығармаларды, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, ұлттық би билеп, ұлттық ас әзірлеп, мақал-мәтел айтып, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, өнерін, салт-дәстүрін дәріптейтін бейнематериалдар арқылы сараланды.
Нәтижесінде: «Күмбірлеген күй» номинациясы бойынша «Филология» факультеті студенті Абажова Диана; «Мың бұралған қазақ биі» номинациясы бойынша «Мәдениет және спорт» факультеті студенті Степанюга Анастасия; «Қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша «Заң» факультетінің студенттері Искандерова Диана, Калманова Гүлсанам, Абдуалиева Камола; «Мақал-мәтел жарысы» челленджі бойынша «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің студенті Алямшина Дилана марапатталды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Normally I don’t read article on blogs, but I wish to say that this write-up very forced me to check out and do so!
Your writing style has been amazed me. Thank you, quite nice article.