24 наурызда алғаш болып шымкенттік спортшылар қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Бірге жүгірейік» челенджін бастады.
Челлендж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында спорт қайраткері Сергей Цырульниковтың бастамасымен жүзеге асып отыр.
Мұнда бағдарламаға сәйкес 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы күш нөмірлері бойынша әлемнің 4 дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның 5 дүркін рекордсмені Сергей Цырульников болды! ⠀
Мәреге бірінші келген 150 спортшыға атаулы сертификаттар берілді.
Алдағы уақытта челлендж келесі қалаларда кестеге сәйкес жалғасын табады.
- Шымкент-24 наурыз
- Түркістан-3 сәуір
- Қызылорда-10 сәуір
- Атырау-17 сәуір
- Ақтау-24 сәуір
- Қостанай-1 Май
- Петропавл — 8 мамыр
- Көкшетау-15 май
- Павлодар-22 мамыр
- Өскемен-29 мамыр
- Талдықорған-5 маусым
- Тараз-12 маусым
- Алматы-19 маусым
- Қарағанды-26 маусым
- Нұр-Сұлтан-3 шілде
«ANYQ.KZ»-ақпарат
It’s impressive that you are getting thoughts from this piece of writing as well as from
our argument made at this time.