Шымкент: Қазан айынан бастап жолаушы пойыздары жиі жүре бастайды

Шымкентте қазан айынан бастап жолаушы пойыздары жиі жүре бастайды«Жолаушылар тасымалы» АҚ келесі жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі артқаны туралы хабарлайды. 


1) №1/2 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 10 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 11 қазанынан бастап;

2) №11/12 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 13 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 14 қазанынан бастап;

P.S. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Айта кетейік, Ел билігі қазан айынан бастап коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін карантинді күшейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 5 қазаннан басқа елдермен халықаралық әуе рейстері уақытша тоқтатылып, Түркияға рейстер қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі, сонымен қатар, әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпауды ұсынды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.