
Қайтпас-1 шағын ауданына жарық жүйесі тартылады. Қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіліп, мердігер мекеме анықталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған. Мәселені талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады.
Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын алматылық құрылыс компаниясы жүргізгенін айтты. Мердігердің тұрғын үйге 5 жылдық кепіл мерзімі де аяқталмаған. Алайда, бүгінде аталған компания жұмысын тоқтатқан. Бірақ заңды түрде банкрот деп жарияланбапты. Сол себепті, қаланың құрылыс басқармасы мердігерді сотқа беріп жеңіп шыққан.
«Қазір сала мамандарымен және құрылыс компанияларымен сөйлесіп, сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмын. Бұл үйлердің сыртын жөндеп беремін. Себебі, мердігердің қателігіне тұрғындар кінәлі емес. Сабырлық танытыңыздар, демеушілермен де сөйлесіп жан-жақты қарастырып жатырмын»- деді қала әкімі.
Бұдан кейін шаһар басшысы Қайтпас-1 шағын ауданына барды. Мұндағы тұрғындар сапасы төмен жекеменшік жарық жүйесіне шағымданып отыр. Бұдан бөлек жол, ауыз су, газ, қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін айтады халық. Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
«Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясын тұтынып отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесі жетпей қалған екен. Соны ескеріп, қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігер мекемені анықтадық. Жуырда олар жұмысын бастайды. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады. Ал, су, газ тарту мәселесіне келсек, жуырда жобалық сметасын жасаймыз. Биыл жұмыстарды бастауға тырысамыз»- дейді Мұрат Әйтенов.
Қоғамдық көлік жұмысына қайта зерделеу жұмыстары жасалып жатқанын айтады қала әкімі. Жаз айларына қарай автобустар мәселесі де өз шешімін таппақ.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
762814 272652Your weblog is among the better blogs Ive came across in months. Thank you for your posts and all of the very best with your work and blog. Searching forward to reading new entries! 260264
935143 243231Why didnt I take into consideration this? I hear exactly what youre saying and Im so happy that I came across your weblog. You really know what youre talking about, and you produced me feel like I really should learn much more about this. Thanks for this; Im officially a huge fan of your weblog 986883