Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қала әкіміне Шымкенттегі су қоймаларының жағдайы жайлы баяндады.
Мәселен, 1983 жылы салынған Текесу су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текше метр. Бүгінде онда жиналған су мөлшері 50 пайыз ғана. Ал, Абай ауданы аумағында орналасқан «Ақжар» су қоймасы 723 млн текше метр суды ұстап тұруға қауқарлы. Су қоймасы күні бүгінге дейін 68 пайызға толыпты.
Мұнан бөлек, Елтай елдімекені маңында орналасқан «Бадам» су қоймасының сыйымдылық мөлшері 61,5 млн текше метр. Қазір онда толған су 90 пайыздан асқан. Жағдай мамандардың тұрақты бақылауында. «Тоғыс» су қоймасы толса, 4,6 млн текше метр су жинай алады. Қаладағы Тоғыс тұрғын алабында орналасқан су қоймасына дәл қазіргі таңда 19 пайыз ғана су келген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Thanks for the marvelous posting! I really enjoyed reading it, you might be a great author.I will make certain to
bookmark your blog and will eventually come back
in the future. I want to encourage that you continue your
great job, have a nice holiday weekend!