Шымкент: Қалалық балалар ауруханасында онконефрогематологиялық бөлім ашылды

Елімізде ең алғашқы рет 1993 жылы Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында балалар онкологиясын емдеу бөлімі ашылған болатын.


Міне сол уақыттан бері елімізде қатерлі дертке шалдыққан балаларды емдеп, аман алып қалу үшін барынша мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінде еліміздің көптеген өңірлерінде осындай патологиялық дертке шалдыққан балаларды емдеу орталықтары жұмыс атқаруда.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында «Асар» шағынауданында орналасқан балалар клиникалық ауруханасында 20 орындық онконефрогематологиялық орталық ашылды.

Енді Шымкент қаласындағы 200 ге жуық осындай диагнозы бар науқас бала ем іздеп Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Түркістан облысындағы орталықтарға бармайтын болады.

Орталықта науқастарға нақты диагноз қойып, емдеу шараларын дер кезінде жүргізу үшін диагностикалық зертханамен жабдықталған. Дәрігерлердің бәрі арнайы курстан өткен жоғары білікті мамандар.

Қалалық клиникалық ауруханада 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету үшін көп бейінді мамандар тәулік бойы қызмет атқарады. Медициналық мекеменің қызмет көрсету сапасы жылдан жылға артып, қызмет түрі көбеюде. Осы жылдың өзінде мекемеде нейрохирургия, күйік, урология, торакалды хирургия, эндокринология, нейрохирургия және медициналық оңалту бөлімдері ашылған.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. A compatibilidade do software de rastreamento móvel é muito boa e é compatível com quase todos os dispositivos Android e iOS. Depois de instalar o software de rastreamento no telefone de destino, você pode ver o histórico de chamadas do telefone, mensagens de conversa, fotos, vídeos, rastrear a localização GPS do dispositivo, ligar o microfone do telefone e registrar a localização ao redor. https://www.xtmove.com/pt/how-to-download-and-install-spy-app-on-android-phone-for-free/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.