Шымкент: Қаламы қарымды журналистер 100-ге жуық ағаш отырғызды

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді.


Бүгін «Шымкент Сити» шағынауданында Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен 100-ге жуық көшет егілді.

Игі шараға қаламы қарымды журналистер қауымы қатысты. Олардың қатарында Байдулла Қонысбек, Бақтияр Тайжан, Дулат Әбіш, Әсет Әссанди, Балтабек Түйетаев, Ерсұлтан Әмірбек, Тұтқабай Фазылбек т.б. БАҚ өкілдері болды.

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың айтуынша, бұл аллея алдағы уақытта шымкенттік журналистердің бас қосар алаңына айналмақ.

Қаланы көріктендіруге келген қаламгерлер жаңа аллеяны «Қазақ журналистерінің аллеясы» деп атауды ұсынды.

— Таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзі ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында көшет егу челленджін жолдаған еді. Енді міне, мегаполистегі 50 шақты журналистің басын қосып, 100-ге жуық көшет отырғыздық. Бұл — біздің қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, — деді Уәли Қыдыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. 806062 398021I believe your suggestion would be useful for me. I will let you know if its function for me too. Thank you for sharing this beautiful articles. thanks a great deal 177373

  2. 824525 812838I just could not go away your website before suggesting that I very enjoyed the usual information a person supply to your guests? Is going to be back ceaselessly so that you can inspect new posts. 633537

  3. 753543 117475This can indicate that a watch has spent some or all of its life inside the tropics and was not serviced as regularly as it ought to have been. 559158

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.