Шымкент: Қала қонақтарына ұлттық кәдесыйлар тарту етілуде

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы жыл басында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алған болатын.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бастау алған іс-шара аясында қаламызға келген қонақтарға ұлттық кәдесыйлар тарту етілуде.

Шымкент теміржол вокзалы мен әуежайына келіп түскен қонақтарға мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтар мен түрлі пішіндегі магниткалар сыйға берілуде.

– Қызғалдақтың отаны – біздің өңіріміз. Сондықтан осы гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатымыз бар. Сондай-ақ, бүкіл әлемнің туристеріне тән дәстүр – өздері саяхаттаған елдімекен бейнесіндегі кәдесыйларды жинау. Еліне қайтқан қонақтар Шымкентке қайта оралатындай әсер қалдыру мақсатында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алдық. Алдағы уақытта акцияға ұлттық болмысымызды айшықтайтын жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін ұсынуды жоспарлап отырмыз, – дейді «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының басшысы А.Раманов.

«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Шымкенттің оң имиджін тек ел ішінде ғана емес, шетелге танытуға серпін беретін мұндай бастамаларды тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Себебі, әр турист біз үшін маңызды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 635659 86344I discovered your weblog website on google and verify some of your early posts. Continue to maintain up the superb operate. I simply extra up your RSS feed to my MSN News Reader. Searching for forward to reading extra from you in a even though! 248379

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.