Шымкент: Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде Өңірлік кәсіпкерлік кеңесі мен Шымкент қаласы әкімдігінің бірлескен жиыны өтті. Алқалы жиынға қала әкімі М.Әйтенов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев және кеңес мүшелері қатысты.


Басқосуда карантин кезінде жапа шеккен кәсіпкерлердің мәселелері талқыланып, аталған саланы қайта көркейту және дамыту жайлы айтылды. Жиында сөз алған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кездесудің маңыздылығына тоқталып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы мағлұмат берді.

Әкімнің айтуынша, қалада кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы — 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары бар.

— «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады және несиенің белгілі бір бөлігін мемлекет кепілдендіреді. Оған қоса инновациялық жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар қарастырылған. Жалпы, 2020 жылға осы бағдарламаны іске асыруға бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінген. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы 6 пайызбен 10 жыл мерзімге несие беріледі. Кәсіпкердің кепіл мүлкі жетпеген жағдайда мемлекет тарапынан 30 пайыздан 50 пайызға дейін кепіл ұсынылады. Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы аясында жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға 22 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын азаматтарға үстемақысы 4 пайыздық жеңілдетілген несиелер беріледі, — деді қала басшысы.

Бизнес өкілдерін Шымкент пен республиканың өзге өңірлерінде өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстарына белсенді түрде қатысуға шақырған шаһар басшысы әкімдіктің карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер мен жаңа жобаларды жүзеге асырғысы келетіндерге тиісті қолдау көрсететінін айтты.

Сонымен қатар, жиында Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев кәсіпкерлік мәселелері бойынша Жобалық кеңсе жұмысының қорытындысын баяндап, Шымкентте әлі бәсекелестік қалыптаспаған бағыттардағы тың жобалар жайлы әңгімеледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

11 Comments

  1. First off I would like to say great blog! I had a quick question that I’d like to ask
    if you don’t mind. I was interested to know how you center yourself
    and clear your mind before writing. I have had a hard time clearing my mind in getting my
    ideas out. I truly do take pleasure in writing however it
    just seems like the first 10 to 15 minutes are usually wasted
    just trying to figure out how to begin. Any recommendations or hints?
    Thank you!

  2. Hi, I do believe this is an excellent web site.
    I stumbledupon it 😉 I am going to come back once again since i have saved as a favorite it.
    Money and freedom is the greatest way to change, may you be rich and
    continue to guide others.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.