Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға көрсететін қызметтерінің бірі – ол үйде қызмет көрсету.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлеуметтік сала қызметкері Элмира Әлиеваның көмекке мұқтаж қариялар және ерекше жандарға қамқорлығы мен көмегін аямай келе жатқанына міне, 13 жыл болды.
2008 жылдан бері мүгедектер мен қариялардың үйіне аптасына екі рет барып, азық-түлік пен дәрілерін әкеліп, медициналық жәрдем көрсетеді және үйде гигиеналық тазалау жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Өзінің қамқорлығындағы әр адамға ерекше күтіммен қарап, барлығының көңілін табады.
Э.Әлиеваның басты өмірлік ұстанымы – кембағал жандарға қамқор болу, көмегі мен шапағатын аямау. Әлеуметтік қызметкер еңбегі үшін жиі қариялардың алғысына бөленеді.
Бүгінде Шымкент қаласында 1000-ға жуық жандарға үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде жалғызілікті қарттар, мүгедектігі бар азаматтар мен психоневрологиялық ауруы бар ерекше жандар бар.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re in reality a just right webmaster. The website
loading speed is incredible. It kind of feels
that you’re doing any unique trick. Furthermore, the contents are masterpiece.
you’ve done a magnificent process on this matter! Similar here: sklep and also here:
Najlepszy sklep