Шымкентке жалпы үш жыл ішінде 1753 отбасы қоныс аударып, 2700 – ге жуық азамат қандас мәртебесін алды

Ауғанстан елінен тарихи отанына оралған Назар Мохаммад Шымкент қалалық «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де немерелі болды.


Атажұртқа қоныс аударып, орталықта уақытша пана әрі қолдау тапқан қандастың шаңырағында қос қуаныш. Перзентханадағы сүйінші хабармен қоса отбасы баспаналы болып, жақында қоныс тойын тойламақ.

Назар Мохаммад – Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жолдамасымен «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-не жүгінген қандастардың бірі. Отбасы құрамында 8 адам бар. Орталық мамандары оларға емхана, мектепке тіркелуге қажетті көмек көрсетіп, аяққа тұруларына барынша қолдау жасауда.

Қандас отбасы мүшелерімен бірге орталықта кіші кәсіптік мамандық алып, жұмысқа орналасқан. Оқу барысында тіпті ана тілін жетік меңгеру үшін қосымша дәріс алғанын айтады. Елге оралғанда осынау қолдау көрсетіп, бауырмашылдық танытқан мамандарға алғысы шексіз.

Шымкентке жалпы үш жыл ішінде 1753 отбасы қоныс аударып, 2700 – ге жуық азамат қандас мәртебесін алды. Тарихи отанына оралған қандастарымызға «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де қолдау көрсету мақсатында барлық жағдай жасалған.

Атап айтсақ, тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық әлеуметтік қызметтермен қатар, оқу курстары және пәндік дәрістер (6 пәндік лекция) оқытылып, оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, түрлі мәдени, мерекелік іс-шаралары ұйымдастырылады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. 766258 203585Does your web site have a contact page? Im having trouble locating it but, Id like to send you an e-mail. Ive got some suggestions for your weblog you may be interested in hearing. Either way, great weblog and I appear forward to seeing it develop more than time. 326381

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.