
Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Қаратау ауданы бойынша басшысы Ералқасын Түктібай коронавирус пандемиясына қарсы атқарылған жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
Аудан аумағындағы 416 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары мен кіреберістері, аяқжолдар, 274 аялдама, 6 саябақ пен аллеялар және басқа да қоғамдық орындарға 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген.
Сонымен қатар, «Public Protection» ЖШС аудан аумағындағы 24 шағынаудан мен тұрғын алаптардағы
1 039 ішкі орамдық көшелерді кестеге сәйкес күнделікті 10 арнайы техникамен дезинфекциялауда.
– Қаратау ауданы бойынша барлығы 167 КВИ ошақтарында санитарлық індетке қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларға байланысты дезинфекциялау жұмыстары «Verum QZ» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан атқарылуда. Бәйдібек би, Назарбаев даңғылы мен Алматы, Төлеметов, Жібек жолы, Әл-Фараби, Ю.Саремий, Ибрагим ата көшелерінде орналасқан 778 коммерциялық нысанның іргелес аумақтары және аудандағы ірі сауда орындары (Метро, Шахан, Жаңалық, Сайман) мен базарлардың (Ынтық ата, Нұрсайрам) аумақтарында дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, – деді аудан әкімі.
Қаратау ауданында қазіргі уақытта 4 жерде арнайы орындар ашылып, әлеуметтік пакеттер таратылды. Жалпы 4 055 әлеуметтік пакет тағайындалып, мұқтаж отбасыларға үлестірілген. Демеушілердің есебінен ауданда аз қамтылған 1 627 отбасы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілген.
Карантин кезінде Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитарлық қызметкерлерімен бірлесе 47 нысан иесіне ҚР ӘҚБК 476 бабының 3 тармақшасына сәйкес хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
109687 9016Precisely what I was looking for, thankyou for putting up. 217468
387976 359401I dont normally take a look at these types of websites (Im a pretty modest person) — but even though I was a bit shocked as I was reading, I was definitely a bit excited as properly. Thanks for making my day 371718
344138 841349Get started with wales ahead practically every planking. Ones wales truly are a compilation of huge planks 1 specific depth advisors undoubtedly is the identical towards the entire hull planking however with even larger density to successfully thrust outward beyond the planking. planking 401616