Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59-дегі мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 1-і Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 16 мамыр күнгі 23:59-дегі мәлімет бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелген еді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 3 Атырау облысынан келген, 2 халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68 скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған болатын.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.